Жаңалықтар

⁠Қазақстан паспорты көрші елдерден озып тұр

Қазақстан паспорты Henley Passport Index 2026 халықаралық рейтингінде Орталық Азия елдері арасында ең жоғары орынға ие болды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Henley Passport Index рейтингі ел азаматтарының алдын ала виза рәсімдемей бара алатын бағыттарының санына негізделеді. Ол паспорт иелерінің халықаралық сапарларға шығу мүмкіндігін бағалайды.

Орталық Азия елдерінің рейтингтегі орындары төмендегідей:

•⁠  ⁠Қазақстан — 66-орын;
•⁠  ⁠Қырғызстан — 81-орын;
•⁠  ⁠Өзбекстан — 82-орын;
•⁠  ⁠Тәжікстан — 87-орын;
•⁠  ⁠Түрікменстан — 93-орын.

Рейтингте Сингапур паспорты әлемдегі ең мықты паспорт деп танылған. Ал үздік көрсеткіштер қатарында Жапония, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері және Швеция паспорттары бар.