Трамп пен Путин мұнай өнімдерін жеткізу жөнінде келісімге келді
АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, ресейлік дизель отынын АҚШ және әлемдік нарыққа жеткізуге уағдаласты. Тараптар Украинадағы жағдай мен Иран төңірегіндегі ахуалды да талқылады.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, ресейлік мұнай өнімдерін американдық және әлемдік нарыққа жеткізу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді.
Трамптың Truth Social желісіндегі жазбасына сәйкес, Ресей бірден 300 000 тоннадан астам дизель отынын жеткізеді. Сонымен бірге қараша айы ішінде тағы 500 000 тонна, одан кейін 1 000 000 тонна дизель отыны жөнелтілмек.
АҚШ президенті бұған қоса, Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының жағдайына қарай қысқа мерзім ішінде тағы 3 000 000 тонна дизель отыны жеткізілетінін айтты. Оның пікірінше, бұл келісім және Ормуз бұғазындағы толық бақылау әлем бойынша дизель бағасының айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді.
Кремльдің ресми Telegram арнасы да Владимир Путиннің Трамппен келісімді растағанын хабарлады. Путиннің айтуынша, әлемдік энергетикадағы жағдайды талқылау кезінде Ресей америкалық және жаһандық нарықтарға мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екенін жеткізген.
Бұл қадам бүкіл жаһандық экономикаға оң әсер етуі мүмкін, — делінген Путиннің мәлімдемесінде.
Телефон әңгімесінде екі ел басшысы Украинадағы дағдарысты реттеу болашағы мен Иран төңірегіндегі жағдайға да елеулі назар аударғаны айтылды. Мәліметке қарағанда, Иран мен Украинадағы әскери әрекеттер әлемде жанармай тапшылығын күшейткен, ал биылғы ақпаннан бері АҚШ-та дизель отынының бағасы шамамен 70%-ға өскен.