Жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаттары жеткізілді. Қаза болған сарбаздардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылды.

Президенттің атынан жолданған көңіл айту жеделхаттарын марқұмдардың отбасыларына мемлекеттік органдардың өкілдері табыстады. Мемлекет басшысы өз үндеуінде қаза болған әскери қызметшілердің жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және кінәлі тұлғаларды заң аясында жауапкершілікке тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Кінәлілер анықталған жағдайда, олар заңға сәйкес қатаң жазаға тартылмақ.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекет тарапынан қажетті әлеуметтік және материалдық көмек көрсетіледі.

Бұдан бөлек, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградаларға ұсыну мәселесі қарастырылып жатыр.