weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Көк туымыз Сеул төрінде көрсетілді

Сеулде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына орай Қазақстан мен Оңтүстік Корея тулары қатар көрсетілді. Қала орталығындағы экрандардың бірінде екі елдің мемлекеттік рәміздерімен бірге Қазақстан Президентін қарсы алу туралы жазу пайда болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Көк туымыз Сеул төрінде көрсетілді
Фото: Видео үзіндіден

Экранда Қазақстан Республикасынан мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алуға арналған құттықтау мәтіні көрсетілген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 14–16 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяда мемлекеттік сапармен жүр. 15 қыркүйекте Сеулде Қазақстан мен Корея президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён келіссөздер өткізді. Кездесу барысында екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар аясында екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, ынтымақтастықтың 13 құжаты рәсімделді. Олардың қатарында бейбіт атом энергетикасы, еңбек миграциясы, сауда және басқа да бағыттар бойынша келісімдер бар.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→