Жаңалықтар

Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз болу мерзімін 30 күнге қысқартты

2026 жыл 15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтарының Таиландта визасыз болу ережелері өзгереді. Елде визасыз болуға рұқсат етілген мерзім кіру күнінен бастап 60 күннен 30 күнтізбелік күнге қысқарады. Бұл туралы Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне сілтеме жасап Newsroom.kz хабарлайды.

Өзгерістер Таиланд Министрлер кабинетінің 15 қыркүйектен бастап күшіне енетін шешіміне байланысты. Осыдан кейін қазақстандықтарға Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады.

Сонымен қатар қосымша шектеу енгізіледі: әрбір 180 күндік кезең ішінде визасыз елде болудың жиынтық мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Яғни алты ай ішінде Таиландқа бірнеше рет барған жағдайда, барлық сапардағы болу мерзімі бірге есептеледі.

Егер Қазақстан азаматы елде 30 күннен артық болуды жоспарласа, тиісті визаны алдын ала рәсімдеуі қажет.