weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дизель тапшылығы: Трамп Зеленскийді шабуылдарды тоқтатуға шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары мен дизель отыны инфрақұрылымына жасалатын соққыларды тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай шабуылдар әлемдік отын нарығындағы жағдайға әсер етіп жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz CBC Newsқа сілтеме жасап хабарлайды.

Дизель тапшылығы: Трамп Зеленскийді шабуылдарды тоқтатуға шақырды
Фото: interfax.ru

Трамп бұл мәселені Зеленскиймен талқылағанын айтып, Украинаға басқа нысандарды нысанаға алуға кеңес берді.

«Басқа да көптеген нысана бар. Бірақ дизель отынына соққы жасамаңыз», – деді АҚШ президенті.

Трамп Ресейдегі дизель инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды әлемдік дизель тапшылығының себептерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар халықаралық ақпарат құралдары нарықтағы жағдайға Таяу Шығыстағы қақтығыс пен мұнай жеткізілімдерінің қысқаруы сияқты бірнеше фактор әсер етіп отырғанын хабарлады.

Associated Press мәліметінше, Ресей мен Парсы шығанағы елдерінен дизель экспорты соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Ал АҚШ-та дизель отынының бағасы бір галлонына 6 доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Украина болса, Ресейдің мұнай өңдеу және энергетикалық нысандарын соғысқа қажетті ресурстармен қамтамасыз ететін инфрақұрылым ретінде қарастырады. Соңғы айларда жасалған шабуылдар бірқатар ресейлік мұнай өңдеу зауыттарының жұмысын уақытша тоқтатып, отын өндірісінің төмендеуіне әсер еткен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→