Астанада екі туристік полиция қызметкері жұмыстан шығарылды
Астанада туристік полиция қызметкерлерінің қызметтен босатылуына қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Екі қызметкер де қызметтік міндеттерін атқару кезінде әдеп нормалары мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік міндеттерді орындау кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз.
«Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндеттіз», – делінген ведомство хабарламасында.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.
Полиция департаменті қызметкерлердің қызметтік тәртіпті, әдеп нормаларын және мінез-құлық талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.