weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

400 млрд теңге: Бірыңғай QR арқылы қанша төлем жасалды?

Қазақстанда бірыңғай QR арқылы төлем жасау көлемі айтарлықтай өсті. Қазір жүйе елдегі төлемдер нарығының төрттен бірін қамтып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Central Asia FinTech Summit барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.

400 млрд теңге: Бірыңғай QR арқылы қанша төлем жасалды?
Фото: Ашық деректер көзі

Бірыңғай QR арқылы қазірдің өзінде 20 млн-нан астам транзакция жасалған. Олардың жалпы сомасы 400 млрд теңгеден асты. Жүйе биыл 19 шілдеде іске қосылған. 

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, банкаралық мобильді төлемдерді дамыту Қазақстанның ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі болып отыр.

«Биыл банкаралық мобильді төлемдер жүйесін — бірыңғай QR-ды іске қостық. Жүйе 19 шілдеде жұмысын бастады. Қазірдің өзінде 20 млн транзакция жасалып, оның сомасы 400 млрд теңгеден асты. Бірыңғай QR нарықтың 25 пайызын алып отыр», — деді Ұлттық банк басшысы. 

Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанда цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып келеді. 2023 жылы цифрлық теңге, ал 2024 жылы Ұлттық антифрод-орталық іске қосылған. 
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→