Кадрлар

Жетісу ауданына жаңа әкім келді

Алматы қаласының Жетісу ауданына жаңа әкім тағайындалды. Қала мәслихатының депутаттары Құрасбек Садибековтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Құрасбек Садибеков 1989 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, ал Ұлыбританиядағы Манчестер университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігінде бас маман болып бастаған. 2013-2017 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты комитетінде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды. Кейін Сенат депутатының көмекшісі болып жұмыс істеген. 2019 жылы дипломатиялық қызметке ауысып, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2022 жылдан кейін Түркістан облысы әкімінің көмекшісі болып еңбек етті. Ал 2023 жылдың қазан айынан бастап Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Жаңа әкім қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Бұған дейін аудан әкімі кім болды?

Бұған дейін Жетісу ауданын Ләззат Жылқыбаева басқарған. Ол «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаты болып сайланғаннан кейін әкім қызметінен кеткен.

Айта кетейік, Жетісу ауданының әкімі ауысуы Құрылтай сайлауынан кейінгі кадрлық өзгерістердің бірі болды. «Әділет» партиясының фракция құрамына мемлекеттік қызметте болған бірқатар азамат та кірді.