Төтенше жағдай туралы хабарлама 10 қыркүйек күні сағат 16:53-те Фрунзе көшесі маңынан түскен. Құтқарушылар келген кезде жалын бірнеше учаскеге таралып, өсімдіктер мен қоқыс қатар жанған.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардан екі адам және екі техника көмек көрсетті.
Құтқарушылар жалынды шамамен бір жарым сағатта ауыздықтады. Өрт сағат 18:22-де толық сөндірілді.
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар ашық аумақта от жағу және сөндірілмеген темекі тұқылын тастау өртке әкелуі мүмкін екенін ескертті. Өрт байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлау қажет.