weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қыркүйек, 2026 / Admin / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте қария немересінің көз алдында қаза тапты

Шымкентте 65 жастағы ер адам көршісінің соққысынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 5 жастағы немересінің көз алдында болған. Бұл туралы Newsroom.kz Stan.kz ке сілтеме жасап хабарлады.
 

Шымкентте қария немересінің көз алдында қаза тапты
Фото: 24.kz

Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адамды көршісі бірнеше рет ұрып, салдарынан ол арыққа құлаған. Ауыр жарақат алған қария қайтыс болған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қаралы отбасы күдіктінің ата-анасы жанжал кезінде болғанын және оқиғадан кейін жедел жәрдем шақырмағанын айтып отыр. Туыстары кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етуде.

Полиция күдіктіні көрші үйдің шатырынан ұстаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Тергеу барысы полицияның бақылауында.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→