weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаевтың қыркүйектегі сапарлары белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Үндістан мен Корея Республикасына сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
 

Тоқаевтың қыркүйектегі сапарлары белгілі болды
Фото: Жасанды интеллект

12-13 қыркүйекте Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге жұмыс сапарымен барады.

Президент «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Отырыс «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналады.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модимен келіссөз жүргізіп, бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездеседі.

Ал 14-16 қыркүйекте Президент Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сапар Корея Президенті Ли Чжэ Мённің шақыруымен өтеді.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайту перспективалары талқыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Кореяның жетекші компанияларының басшыларымен кездеседі.

16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→