Доллар бағамы қанша?
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді. Айырбастау орындарында америкалық валюта 450 теңгеден төмен бағамен сатып алынып жатыр, деп хабарлайды Newsroom.kz.
11 қыркүйекке Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 450,79 теңге болып белгіленді.
Ал айырбастау пункттеріндегі жағдай өзгеше. Астанада долларды орта есеппен 448 теңгеден сатып алып, 455 теңгеден сатып жатыр. Алматыда сатып алу бағамы шамамен 449 теңге, сату бағамы 451–452 теңге деңгейінде.
Осылайша, айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағамы 450 теңгеден төмен түсті.
Ұлттық банктің мәліметінше, ресми айырбас бағамы алдыңғы жұмыс күніндегі Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында қалыптасқан теңге/доллар бойынша орташа өлшенген нарықтық бағам негізінде белгіленеді.