weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды: полиция қылмыстық іс қозғады

Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа туған қыз бала қоқыс контейнерінен табылды. Оқиға Гвардейский гарнизонының аумағында болған. Бұл туралы Newsroom.kz Zakon.kz ке сілтеме жасап хабарлайды.

⁠Қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: Astana.tv

Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады. Нәрестені қоқыс жәшігінен тауып, медициналық мекемеге жеткізген.

Полиция мәліметінше, сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп, баланың анасын анықтау жұмыстары қолға алынған. 

Дәрігерлердің бақылауындағы қыздың жағдайы тұрақты. Полиция бастапқыда оның өміріне қауіп жоқ екенін хабарлаған. 

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысына қатысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→