Жаңалықтар

Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды

Құрылтай депутаттары Ерлан Қариннің Қазақстан Республикасының вице-президенті қызметіне кандидатурасын қолдады,  деп хабарлайды Newsroom.kz.

Бұған дейін оның кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай қарауына ұсынған болатын.

Ерлан Қарин бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, әр жылдары Президенттің кеңесшісі және көмекшісі қызметтерін атқарған.

Вице-президент лауазымы Қазақстанның жаңа Конституциясында қайта енгізілді. Конституцияға сәйкес, бұл қызметке кандидатты Президент ұсынады, ал оны тағайындауға Құрылтай келісім береді.