Жаңалықтар

Тоқаев Ерлан Қаринді вице-президент қызметіне кандидат ретінде ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын вице-президент лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Қариннің кандидатурасы жаңа Конституция негізінде құрылған мемлекеттік басқару жүйесіндегі вице-президент институтын қалыптастыру аясында ұсынылып отыр.

Қолданыстағы конституциялық заңға сәйкес, вице-президентті Президент ұсынады, ал оны қызметке тағайындауға Құрылтай депутаттарының жалпы санының басым көпшілігінің келісімі қажет. 

Ерлан Қарин бұған дейін Президенттің мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарған. 2026 жылғы маусымда ол Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Қарин мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен. Әр жылдары Президенттің кеңесшісі және көмекшісі қызметтерін атқарған. 

Вице-президент институты Қазақстанның жаңа Конституциясында бекітілді. Конституциялық заңға сәйкес, бұл лауазымға кемінде 40 жастағы, жоғары білімі бар және мемлекеттік тілді жетік меңгерген Қазақстан азаматы тағайындала алады. 

Енді Қариннің кандидатурасы Құрылтайдың қарауына шығарылып, депутаттардың келісімі алынуы тиіс.