Жаңалықтар

Қазақстанда вице-президент институты қайта енгізілді: жаңа лауазым не өзгертеді?

Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес вице-президент институты қайта енгізілді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды. 

Вице-президентті Президент ұсынады, ал оны тағайындауға Құрылтай келісім береді. Вице-президентті тағайындау және қызметтен босату құқығы Президентке тиесілі.

Вице-президенттің нақты өкілеттіктерін Мемлекет басшысы айқындайды. Ол Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, Құрылтай және Үкіметпен байланыс орната алады.

Жаңа лауазымның маңызды міндеттерінің бірі – мемлекеттік басқаруда сабақтастықты қамтамасыз ету. Алайда вице-президентті халық тікелей сайламайды.

Осылайша, вице-президент институтының қайта енгізілуі Қазақстандағы мемлекеттік билік жүйесіндегі негізгі өзгерістердің біріне айналды.