weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пәкістанда ауруханадағы өрттен 14 сәби қаза тапты

Пәкістан астанасы Исламабадтағы мемлекеттік аурухананың жаңа туған нәрестелер бөлімінде өрт шығып, 14 сәби қаза тапты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Пәкістанда ауруханадағы өрттен 14 сәби қаза тапты
Фото: Ашық деректер көзі

Өрт 26 тамыз күні Pakistan Institute of Medical Sciences (PIMS) ауруханасының ана мен бала денсаулығы бөлімінің үшінші қабатында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Кей деректерде кондиционер компрессорының жарылғаны айтылады.

Ауруханада өрт кезінде 15 нәресте болған. Құтқарушылар олардың біреуін аман алып қалған.

Оқиға орнына алты өрт сөндіру көлігі мен төрт жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Өрт толық сөндірілген.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізуді тапсырды. Билік өрттің нақты себебін анықтап, жауапты тұлғаларды белгілеуге ниетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→