weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Инфрақұрылымды жаңартуға 13 трлн теңге қарастырылған

Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға алдағы жылдары 13 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Инфрақұрылымды жаңартуға 13 трлн теңге қарастырылған
Фото: Жасанды интеллект

Қаражат 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бағытталады. Оның 6,8 трлн теңгесі коммуналдық секторға, ал 6,2 трлн теңгесі энергетика саласына жұмсалмақ.

Жоба аясында жалпы 84 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу және жаңғырту көзделген. Сонымен қатар жалпы қуаты 7309 МВт болатын энергия көздерін іске қосу, 27 генерациялау нысанын салу және реконструкциялау жоспарланған.

2026 жылы не өзгереді?

Биыл инженерлік желілерді жаңартуға 1,1 трлн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Осы қаражатқа 12 мың шақырым желіні жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар тағы сегіз коммуналдық кәсіпорынды жоғары тәуекел аймағынан шығару көзделген.

Бұған дейін, 2025 жылы, 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделіп, сегіз кәсіпорын «қызыл аймақтан» шығарылған.

Энергетика саласында 2029 жылға дейін 77,5 мың шақырым электр және 1,6 мың шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған.

Негізгі мақсат – желілердің тозуын азайту 

Үкіметтің жоспарына сәйкес, 2029 жылға қарай елдегі инженерлік желілердің орташа тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Сонымен қатар нысандардағы апаттылықты қысқарту жоспарланған.

Жобаның тағы бір бағыты – коммуналдық саланы цифрландыру. Осы мақсатта Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасы енгізіледі. Ол коммуналдық инфрақұрылымды бақылау мен жобалардың орындалуын цифрлық форматта қадағалауға мүмкіндік береді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→