weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының 24 тамыз таңертеңгі деректеріне сәйкес, бес партия 5 пайыздық межеден өтті. Newsroom.kz хабарлайды.

Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
ФОТО: Жасанды интеллект

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың ең көп дауысын «Әділет» партиясы – 71,17% жинаған.

Одан кейінгі орындарда:

«Ауыл» партиясы – 6,26%;

Respublica – 5,56%;

«Ақ жол» партиясы – 5,21%;

ЖСДП – 5,11%.

Ал Қазақстан Халық партиясы 3,10%, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,7% дауыс жинаған. «Барлығына қарсымын» деген таңдау 2,51% болды.

Осылайша, алдын ала нәтиже бойынша Құрылтай құрамына бес партия өтуі мүмкін. Заңнамаға сәйкес, партияның Құрылтайға өтуі үшін кемінде 5% дауыс жинауы қажет.

Бұған дейін сайлау аяқталғаннан кейін бірнеше экзитпол нәтижесі де жарияланған болатын. Мысалы, Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасында «Әділет» 71,8%, «Ауыл» 6,4%, Respublica 5,4%, ЖСДП 5,2%, «Ақ жол» 5,1% көрсеткішке ие болған.

Айта кетейік, экзитпол нәтижелері мен ОСК-ның алдын ала деректері түпкілікті нәтиже болып саналмайды. Құрылтай сайлауының ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→