Смартфон сатып алуда нені тексеру керек?
Қазақстанда 20 тамыздан бастап IMEI верификациясынан өтпеген смартфондарды сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
IMEI верификациясы - телефонның заңды түрде Қазақстанға әкелінгенін және оның IMEI нөмірінің ресми дерекқорда тіркелгенін тексеру рәсімі. IMEI - әр мобильді құрылғыға берілетін бірегей нөмір. Сатып алушылар телефонның IMEI нөмірін *#06# комбинациясын теру арқылы көре алады. Қос SIM-карталы құрылғыларда бірнеше IMEI болуы мүмкін, сондықтан олардың барлығын тексерген жөн.
Жаңа талап бойынша сатушы сатып алушыға телефонның IMEI-кодын төлем жасалғанға дейін көрсетуі керек. Сондай-ақ ол чекке немесе сатып алуды растайтын құжатқа енгізіледі.
Жаңа ереженің мақсаты- заңсыз әкелінген және кейін байланыс желісінде бұғатталуы мүмкін құрылғылардың сатылымын шектеу.