weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 11:54 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда жұмыссыз әйелдердің саны артты

  Елімізде әрбір 20 әйелдің бірі жұмыссыз. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,1% болса, ерлерде бұл көрсеткіш 4%-ды құрайды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстанда жұмыссыз әйелдердің саны артты
Фото: Ашық деректер көзі

2025 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жұмыссыздық 5% болса, елдегі жалпы көрсеткіш 4,6% болған.  Аймақтар арасында айырмашылық айтарлықтай. Мысалы, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында әйелдер жұмыссыздығы 11,7%-ға жеткен. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында- 7,9%, Ақтөбе облысының Алға ауданында- 7,8%.

 

Жұмыссыздық әсіресе жасы үлкен әйелдер арасында жоғары. 55–64 жастағы әйелдерде бұл көрсеткіш 8,6% болған. Білім деңгейі де маңызды фактор: жоғары білімі бар әйелдер арасындағы жұмыссыздық 3,5% болса, негізгі орта білімі барларда 15,6%-ға жетеді.

Биыл сәуір-маусым айларында Қазақстанда 242,7 мың жұмыссыз әйел тіркелген. Олардың 79,3 мыңы бұрынғы жұмысынан кеткеннен кейін жұмыссыз қалған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→