weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 10:34 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен U20 әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта финалда Беларусь спортшысын жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Деп хабарлайды Newsroom.kz

 

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен U20 әлем чемпионы атанды
Фото: Ашық дереккөздерден алынды.

Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қазыбек Қалмағамбетов жарыстың шешуші кезеңіне дейін сәтті жетіп, финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен кездесті.

Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, кездесуді 13:7 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша Қазыбек Қалмағамбетов қарсыласын сенімді түрде жеңіп, U20 әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының Братиславадағы әлем чемпионатындағы алғашқы медалі болды. Қазыбек Қалмағамбетовтың жеңісі ел қоржынына маңызды алтын жүлде әкеліп, жас балуандардың халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.

Айта кетейік, U20 әлем чемпионатында әлемнің әр елінен келген жас спортшылар өз салмақ дәрежелері бойынша бақ сынауда. Қазақстан құрамасы да жарыстың қалған күндерінде жүлде санын арттыруға мүмкіндік алады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→