weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 12:43 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әділет партиясының логотипі желіде қызу талқыға түсті

«Әділет» партиясының логотипіндегі бір ғана әріп әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Желі қолданушылары «ӘDILET» жазуындағы қазақтың төл «Ә» әрпінің берілуіне назар аударып, партия атауында қазақ және латын графикасының аралас қолданылуын талқылап жатыр. Бірі мұны мемлекеттік тілдің ерекшелігіне қайшы деп бағаласа, енді бірі логотипте бастысы – оның визуалды танымалдығы екенін алға тартты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Әділет партиясының логотипі желіде қызу талқыға түсті
Фото: Threads.com

Пікірталас барысында қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бір тарап саяси партия атауындағы қазақ  тіліне тән төл әріптерінің дұрыс қолданылуы маңызды екенін айтса, екінші тарап логотиптің басты мақсаты - брендті таныту екенін алға тартты. Олардың пікірінше, логотип міндетті түрде қазақ әліпбиін дәл  қайталауы шарт емес.

Талқыға sozdik.kz мобильді қосымшасының авторы Асқар Сыздыков та қосылды. Ол Тредстегі жазбасында қазақ және латын әліпбиіндегі ұқсас таңбаларға қатысты өзінің тәжірибесін бөлісті. Оның айтуынша, бұл мәселе бұған дейін де техникалық тұрғыда кездескен.  

"10 жыл бұрын sozdik.kz платформасын жасаған кезде қазақша пернетақта болмаған еді. Сондықтан қосымшаның өзіне қазақ әріптері бар арнайы жолақ қосуды шештік.  Кейін қазақша пернетақта алғашқы Самсунг құрылғысында шыға бастады. Дегенмен ондағы Ә әріпі басқа кодпен берілген", - деп жазды ол.

Ал логотиптің дизайнына қатысты пікір білдірген бренд дизайнер оның графикалық шешімін сынға алды.

”Әділет” партиясының жарнамалық билбордтарына бренд дизайнер ретінде, әсіресе қаріптермен жұмыс істейтін маман ретінде қарасам, бұндай шешім түсініксіз болып көрінеді. Олар латын әріпін алған немесе оның элементтерін кері айналдырып, қазақша “Ә” әріпін  геометриялық ұқсатып жасаған. Латын әліпбиінде бұл әріп олай жазылмайды”,- деді ол.


Айта кетейік, қазіргі  эмблемасы “ӘDILET” түріндегі стилизацияланған графикалық жазбасы ретінде көрсетілген.  

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→