Жыл басынан бері 1064 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, 239 адамға ерекше талаптар белгіленді. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған 74 адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар есепті кезеңде отбасы-тұрмыстық салада 21 қылмыс орын алды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша қызмет атқаратын қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, дағдарыс орталықтарында отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі.