Жүргізуші қаладағы орталық көшелердің бірінде көлік тізгінінде түрлі құқық бұзушылықтарға барған. Ол қауіпті әрекеттерін камераға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялап отырған.
Полиция жүргізушінің жарияланымдарын анықтап, оның жолдағы әрекеттерін тексерді. Нәтижесінде жас жүргізушіге қатысты 14 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары көлікті арнайы айып тұрағына қойды.
Полиция әлеуметтік желіде танымал болу немесе көп қаралым жинау мақсатында жол ережесін бұзу өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді.