weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қайғылы оқиғадан сегіз ай өткен соң: Ұлдана Мырзуанның жұбайы қайта отау құрды

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта отау құрғаны әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Бірі оның өмірін жалғастыруға толық құқығы бар десе, енді бірі мұндай шешімнің тым ерте қабылданғанын айтып, түрлі пікір білдіруде.

Қайғылы оқиғадан сегіз ай өткен соң: Ұлдана Мырзуанның жұбайы қайта отау құрды
Фото: newsroom.kz

Әлеуметтік желілерде соңғы күндері марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта үйленгені туралы ақпарат кеңінен тарады. Бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударып, пікірталасқа себеп болды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі адамның өмірі тоқтап қалмайтынын, әркімнің өз тағдырын қайта құруға құқығы бар екенін жазып, Әділеттің шешімін қолдады. Олардың пікірінше, қайғыны бастан өткерген адамның жеке өміріне сырттан баға беру дұрыс емес.

Алайда басқа қолданушылар керісінше көзқарас білдірді. Олар Ұлдана Мырзуанның қаза болғанына небәрі сегіз ай өткенін еске салып, бұл жаңалықтың көңілге ауыр тигенін жасырмады. Әсіресе, марқұм мен Әділеттің некесі қайғылы оқиғадан екі апта бұрын ғана қиылғаны туралы дерек те қайта көтерілді.

Еске салсақ, Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қараша айында Астанадағы қайғылы оқиға кезінде көз жұмды. Тұрғын үйдің қасбетінен құлаған кондиционер зардап шеккендерге көмек көрсетуге келген жедел жәрдем фельдшерінің үстіне құлаған. Ауыр жарақат алған медицина қызметкері бірнеше күн жансақтау бөлімінде ем қабылдағанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Осы қайғылы жағдайдан кейін Әділет Зейнел жұбайының жарқын бейнесін еске алып, әлеуметтік желілерде бірнеше жазба жариялаған болатын. Сондай-ақ ол оқиғаға кінәлілердің жауапкершілікке тартылуын талап етіп, тергеудің әділ өтуіне үміт артқанын айтқан еді.

Ал арада сегіз ай өткен соң оның қайта шаңырақ көтергені белгілі болды. Бұл ақпарат ресми түрде жоққа шығарылған жоқ, алайда Әділеттің өзі қоғамдағы қызу талқылауға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Жеке өмірге қатысты бұл жаңалық әлеуметтік желілерде әртүрлі көзқарас тудырғанымен, көпшілік талқылауы адамның жеке таңдауы мен қоғамның моральдық бағасының арақатынасы туралы пікірталасты тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→