weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда автотұрақ ережелері жаңарды: тұрғындар үй маңында көлігін тегін қоя алады

Алматыда жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңартылған жобасы таныстырылды. Құжатқа сәйкес, қаладағы автотұрақ жүйесі өзгеріп, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына үйінен 500 метр радиуста бір көлікті тегін қою мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Newsroom.kz

Алматыда автотұрақ ережелері жаңарды: тұрғындар үй маңында көлігін тегін қоя алады
Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы мәслихатының сессиясында жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа жобасы ұсынылды. Өзгерістердің басым бөлігі ақылы автотұрақ жүйесіне қатысты.

Жаңа тәртіп бойынша автотұрақтар коммуналдық және жекеменшік болып екіге бөлінеді. Әрбір тұрақта жол белгілері мен төлем тәртібіне қойылатын талаптар біріздендіріліп, төлемнің орындалуы фото және бейнебақылау жүйелері арқылы қадағаланады.

Жаяу жүргіншілер жолының бойындағы ақылы тұрақтар күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Төлем уақытқа қарай есептеледі. Сонымен қатар жүргізушілерге жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшін 5 минут, ал тұрақтан шығу үшін 10 минут тегін уақыт қарастырылған.

Жаңартылған ережеге сәйкес, соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы аналар, электр көліктерінің иелері және жедел қызметтердің көліктері тұрақ ақысынан толық босатылады.

Басты өзгерістің бірі – көпқабатты тұрғын үй тұрғындары өздерінің бір автокөлігін үйінен 500 метр радиуста орналасқан ақылы тұрақтарға тегін қоя алады. Алайда белгілі бір тұрақ орны нақты бір көлікке бекітілмейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→