weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 11:51 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақ үйдегі келіссөз: Трамп пен Нетаньяху Иран мәселесін талқыға салды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ақ үйде өткен шамамен 90 минуттық кездесуде басты назарды Иран мәселесіне аударды. Келіссөз барысында Вашингтон мен Тель-Авивтің Тегеранға қатысты алдағы қадамдары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Ақ үйдегі келіссөз: Трамп пен Нетаньяху Иран мәселесін талқыға салды
Фото: axios.com

Кездесу барысында тараптар үш негізгі нұсқаны қарастырған. Атап айтқанда, Иранмен дипломатиялық келісімге қол жеткізу, экономикалық қысымды күшейтіп, теңіз блокадасын жалғастыру немесе әскери операцияларды қайта бастап, оларды күшейту мәселелері сөз болған.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Биньямин Нетаньяху Иранмен ұзақмерзімді келісім жасау мүмкіндігіне күмән келтіріп, Тегеранның Ормуз бұғазын АҚШ-қа қысым көрсету құралы ретінде пайдалануға ұмтылып отырғанын айтқан. Ал Дональд Трамп ықтимал әскери қақтығыстың әлемдік энергетика нарығына және жаһандық экономикаға тигізетін салдарына алаңдаушылық білдірген.

Сондай-ақ Нетаньяху Израильдің қорғаныс саласындағы тәуелсіздігін күшейту мақсатында алдағы он жыл ішінде АҚШ-тың әскери көмегінен кезең-кезеңімен бас тарту идеясын көтерген. Қазіргі келісім бойынша Вашингтон Израильге жыл сайын шамамен 3,8 млрд доллар көлемінде әскери қолдау көрсетеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→