Әскер

Өскемен маңынан әскери бөлімнен қашқан сарбаз табылды

Өскемендегі әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған мерзімді қызметтегі сарбаз әскери полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Ол облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерде табылған.

Әскери полицияның мәліметінше, сарбаз бөлімшеге жеткізіліп, оқиғаға байланысты тексеру басталды. Қазір оның әскери бөлімнен кетуінің барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған. Сондай-ақ ол тексеру барысында командирлері немесе әріптестері тарапынан әлімжеттік пен қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері болмағанын айтқан.

Еске салайық, сарбаз әскери бөлімнен 23 шілде күні кеткен. Оның жанында қару болмаған.