Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылуында сөз сөйлейді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ресми ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.
Халықаралық дода 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Биылғы жарысқа әлемнің 34 елінен келген 800-ге жуық спортшы қатысып, түрлі инновациялық спорт түрлері бойынша бақ сынамақ.
Турнирдің ашылу салтанатына Орталық Азия елдерінің көшбасшылары да қатысады. Атап айтқанда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арнайы келеді.
«Болашақ ойындары» дәстүрлі спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын халықаралық мультиспорттық жарыс ретінде ұйымдастырылып отыр.