weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасы жаңартылды: баспана алуға 7 млн теңгеге дейін сертификат беріледі

Қазақстанда жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жетілдіріліп, қатысушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. Бұл туралы Newsroom.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасы жаңартылды: баспана алуға 7 млн теңгеге дейін сертификат беріледі
Фото: ortcom

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары сомасы 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) ұлғайтылды. Бұл қаржыны жаңа қоныста тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады.

Бағдарламадағы өзгерістер азаматтардың тек көшіп баруына емес, жаңа өңірде тұрақтап, баспаналы болып, тұрақты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

Қоныс аударушыларға тұрғын үй сертификатынан бөлек, көшу шығындарына субсидия қарастырылған. Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдердің бір бөлігі өтеліп, жұмысқа орналасуға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Азаматтар көшпей тұрып-ақ жұмыс берушіні таңдап, қолайлы бос жұмыс орнын таба алады. Ол үшін қабылдаушы өңірлерде тұрақты түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты да кеңейді. Енді оған жұмыссыздармен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да қатыса алады.

Қызмет көрсету процесі толықтай цифрландырылған. Өтінім беру, өңірлер картасын қарау, сұранысқа ие мамандықтармен танысу және бос жұмыс орындарын іздеу migration.enbek.kzпорталы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері бұл бағдарламаға 73,9 мың адам қатысқан. Соның ішінде 31 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→