weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Жақсы адамым»: Айман Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен жаңа суреттерін көрсетті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі тағы да көпшіліктің назарын аударды. Оның екінші жары ретінде танылған Айман әлеуметтік желіде өнер иесімен бірге түскен жаңа фотосуреттерін жариялап, жазбасына қысқа ғана жазу қалдырды. Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

«Жақсы адамым»: Айман Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен жаңа суреттерін көрсетті
Фото: ozgeris.info

Әлеуметтік желіде Айман Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен бірнеше суретін жариялап, оған

«Менің көзіммен қара шынайылық пен сұлулықты. Жақсы адамым» деген жазба қосты.

Жарияланған фотолар көп ұзамай оқырмандардың назарын өзіне аударды.

Пікір қалдырғандардың бір бөлігі жұпқа жылы лебізін білдіріп, бақыт тіледі. Ал енді біреулері олардың сырт келбетіне қатысты ойларын ортаға салып, түрлі пікір жазды. Кейбір қолданушылар екеуінің бір-біріне ұқсайтынын айтса, өзгелері әзілкештің соңғы уақыттағы өзгерген келбетін сөз етті.

Соңғы уақытта Айман әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреттерді жиі жариялап жүр. Бұған дейін де олардың бірге демалған сәттері мен отбасылық кадрлары желіде таралып, оқырмандар арасында кеңінен талқыланған болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығымен қатар жеке өмірі де көпшілік назарынан тыс қалған емес. Сондықтан оған қатысты әрбір жаңа жарияланым әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын оятып, түрлі пікірталасқа себеп болып келеді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→