Әлем

Иранмен қақтығыс: АҚШ-тың 600-ден астам әскери қызметкері жараланды

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциялары барысында жараланған америкалық әскери қызметкерлердің саны 600-ден асты. Бұл туралы Пентагонның жаңартылған мәліметтерінде айтылды,— деп хабарлайды newsroom.kz

27 шілдедегі жағдай бойынша, түрлі деңгейде жарақат алған америкалық әскери қызметкерлердің жалпы саны 624 адамға жеткен. Олардың басым бөлігі – 461 әскери қызметші АҚШ Құрлық әскерінің құрамында қызмет етеді.

Жараланғандар саны өткен аптада тіркелген 482 адамдық көрсеткіштен едәуір асып түсті. Бұған Пентагонның Иранға қарсы әскери іс-қимылдардағы шығындарды екі бөлек санатқа бөліп көрсетуі себеп болған.

Атап айтқанда, 28 ақпаннан бері жүргізілген «Эпикалық қаһар» (Epic Rage) операциясы аясында 417 әскери қызметкер жараланып, 14 адам қаза тапқан. Ал 7 шілдеден басталған «шетелдегі операциялар» санаты бойынша 207 әскери қызметкер жараланып, 4 адам көз жұмған.

Осылайша, екі операцияның жиынтық қорытындысы бойынша 624 әскери қызметкер жараланып, 18 адам қаза тапқан.