КДР-да Эбола вирусын жұқтырғандар саны мыңнан асты
Ең соңғы мәліметтерге сәйкес, Эбола безгегін жұқтырудың расталған 1003 жағдайы тіркелген,— деп хабарлайды newsroom.kz
Аурудан қайтыс болғандар саны 254 адамға жетсе, 100 науқас сауығып шыққан. Қазіргі уақытта тағы 365 адам оқшауланған немесе ауруханаларда ем қабылдап жатыр.
Осылайша, вирустың өлім-жітім деңгейі 25,3 пайызды құрап отыр.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола індетіне байланысты жағдайды төтенше деп танып, оның басқа мемлекеттерге таралу қаупі бар екенін мәлімдеген болатын. Вирустың өңірлік деңгейде таралу қаупі жоғары деп бағалануда.