Өзбекстанның таулы аймағында сел жүрді: 30-дан астам адам эвакуацияланды
Жизақ облысында сел жүруіне байланысты 30-дан астам демалушы қауіпсіз жерге көшірілді,— деп хабарлайды newsroom.kz
18 маусым күні Бахмал ауданында нөсер жауын-шашын салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аумақта сел жүрді. Оқиға орнына ішкі істер органдарының қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан, әкімдік және басқа да ведомстволардың өкілдері жедел жетті.
Демалушылардың барлығы қысқа мерзім ішінде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тұрғын үйлерге, үй жануарларына және ғимараттарға ешқандай залал келмеген.