Бұрынғы Иран көшбасшысы Әли Хаменеиді еске алу және жерлеу шаралары 4–9 шілде күндеріне жоспарланған. Хабарларға сәйкес, ол 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққысының алғашқы сағаттарында бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер мен әскери қолбасшылармен бірге қаза тапқан.
Әли Хаменеиді еске алу шараларын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, 2026 жылғы 4–5 шілде күндері оның денесімен қоштасу рәсімі Тегерандағы Мосалла намаз кешенінде өтеді.
Сондай-ақ 6 шілдеде Тегеран қаласында аза тұту шеруі ұйымдастырылады. Ал 7 шілдеде тағы бір еске алу рәсімі Құм қаласында өтпек.
Бұрынғы жоғарғы көшбасшыны жерлеу рәсімі 9 шілдеде Мешхед қаласындағы сегізінші шиит имамының кесенесінде өткізіледі. Бұған дейін Иранның екінші ірі қаласында аза тұту шеруі ұйымдастырылады.