Жаңалықтар

Иранда жер сілкінісі орын алды

Иранның солтүстігінде магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері Баку уақыты бойынша сағат 00:16-да тіркелген. Ведомствоның дерегінше, Тегеран қаласынан шығысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте болған.

Айта кетелік, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен қираулар тіркелмеген.