Абай облысының әкімі ғылым жөніндегі кеңесшісін тағайындады
Берік Уәлидің Өкімімен білім және ғылым жөніндегі кеңесшісі қызметіне Жанна Құрманғалиева тағайындалды.
Жаңа кеңесшінің негізгі міндеттерінің бірі — Курчатов қаласын болашақ ғылым қалашығы ретінде дамыту. Бұл бағытта Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
2027–2035 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында Курчатовты ғылым, технология, ядролық зерттеулер, стартаптар мен халықаралық ғылыми коллаборациялар орталығына айналдыру көзделген.
Сонымен қатар өңірлік ғылымды дамыту, жас ғалымдарды қолдау және білім сапасын арттыру мәселелеріне де басымдық берілмек.
Бұған дейін Жанна Құрманғалиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарған.