Парламенттен әйелін құттықтаған депутат жұртты сүйсінтті
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатты. Аталмыш сәт түсірілген бейнежазба жұрттың қызу талқысына түсті,— деп хабарлайды newsroom.kz
"Біздің паламентте ресми құттықтауларға, іс шараларға барған кезде алып баратын осындай папка бар. Әйелім Лаура өзіне де осындай нәрсе жасауымды сұрады. Өздеріңіз білесіздер, биыл шілдеде парламент тарайды. Жарайды, қолымда тұрған нәрсе ғой бұл деп, бес мың теңгесін төлеп, тілегімді арнайын дедім", деген депутат әйеліне ақжарма тілегін жаудырып, ҚР Парламенті адресатының атынан құттықтады.
Әлеуметтік желіде депутаттың бұл әрекеті қызу талқыланып жатыр.