weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 мамыр, 2026 / Перизат Ілес / Мәдениет
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлем жұлдыздары Астанада: мұз шоуына 9 мыңнан астам көрермен жиналды

Астанада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрерменді жиналды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Әлем жұлдыздары Астанада: мұз шоуына 9 мыңнан астам көрермен жиналды

Шоуды танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Мұз айдынына әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және өзге де атақты спортшылар шықты.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға деген қызығушылық өте жоғары болды. Чемпиондардың өнерін тамашалауға тек елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ жақын әрі алыс шетелдерден келген көрермендер жиналды.

Мұндай ауқымды іс-шаралардың өткізілуі Астананың халықаралық спорттық және мәдени жобаларды өткізе алатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→