weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфраммен айналыспақшы

Бұл туралы newsroom.kz Forbes-ке сілтеме жасап хабарлайды. АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары — Дональд Трамп кіші және Эрик Трамп Қазақстандағы вольфрам өндіру жобасына қатысқан.

Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфраммен айналыспақшы
Фото: Forbes

Мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Дональд Трамп кіші мен Эрик Трамп Dominari — American Ventures құрылымы арқылы Skyline Builders Group Holding Limited компаниясына инвестиция салған. Кейін бұл компания Қазақстандағы жалпы құны шамамен $1,1 млрд болатын вольфрам жобасына қосылды.

2026 жылғы 30 сәуірде Skyline Builders Group Holding Limited пен Cove Kaz Capital Group LLC активтерді біріктіру туралы жариялады. Нәтижесінде Kaz Resources Inc. атты жаңа компания құрылып, Қарағанды облысындағы Солтүстік Катпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын игерумен айналысады. Компанияны Nasdaq биржасына KAZR тикерімен шығару жоспарланып отыр.

Financial Times мәліметінше, Skyline компаниясы Kaz Resources жобасының 20% үлесін $20 млн-ға сатып алған. Сонымен қатар, басылым Трамптың ұлдары инвестиция салған кезде компанияның АҚШ үкіметімен ықтимал келісімшарттар туралы білгеніне дәлел жоқ екенін атап өтеді.

Бастапқыда Skyline Builders Гонконгта құрылыс жұмыстарымен айналысқан, алайда 2025 жылы стратегиялық бағытын өзгертіп, АҚШ үшін маңызды минералдарды жеткізуші болуға ниетті екенін мәлімдеді. Компания штаб-пәтерін Вашингтонға көшіруді де жоспарлап отыр.

Келісім аясында Kaz Resources құрамындағы «Kaz Critical Minerals» ЖШС-ін сатып алу көзделген. Бұл компания Қазақстанда 15 лицензияға ие. Мәмілені 2026 жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында аяқтау жоспарланған.

Жобаны қаржыландыруға АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі (EXIM) — $900 млн-ға дейін және Халықаралық даму қаржы корпорациясы (DFC) — $700 млн-ға дейін қызығушылық танытқан.

Өнімді өткізумен Cove Kaz Capital Group айналысады. Компания АҚШ үкіметі мен коммерциялық сектордың қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша алдын ала келісімге қол қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Cove Kaz «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрған. 2026 жылы америкалық тарап жобаның 70% үлесін иеленсе, 30% үлесі қазақстандық тарапта қалды.

Солтүстік Катпар мен Жоғарғы Қайрақты кен орындары әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам қорларының бірі саналады. Қазір тараптар техникалық-экономикалық негіздемені аяқтап, жобаны іске асырудың келесі кезеңіне өтуді жоспарлап отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→