Биыл ел намысын Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Щучинск қалалары мен Түркістан облысынан келген 225 оқушы қорғайды. Олар Астанада өткен Alem Tech Fest аясындағы Орталық Азия іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік додаға жолдама алған.
Өткен жылмен салыстырғанда делегация саны шамамен үш есеге артқан. Бұл елімізде робототехникаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
FIRST Championship аясында қатысушылар өз инженерлік жобаларын таныстырып, бірнеше кезеңнен тұратын матчтарда бақ сынайды және финалға шығу үшін күреседі.