Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) алдағы 2026 жылға арналған діни мерекелер мен маңызды күндердің ресми кестесін жариялады.
Бекітілген күнтізбеге сәйкес:
• Қасиетті Рамазан айы 2026 жылдың 19 ақпанында басталады;
• Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні атап өтіледі;
• Ораза айт мерекесі 20 наурызға белгіленген;
2026 жылы Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келіп, 29 мамырға дейін жалғасады.
Айта кету керек, ҚМДБ күнтізбесіндегі хижри айлардың басталу күндері кездейсоқ анықталмайды. Олар халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері мен есептеулеріне негізделеді. Бұл діни күндердің дәл әрі үйлесімді белгіленуін қамтамасыз етеді.
Рамазан — ораза ұстап, рухани тазару, қайырымдылық жасау және иманды күшейту айы. Қадір түні — ең қасиетті түндердің бірі. Ал Ораза айт пен Құрбан айт — адамдарды, отбасылар мен қауымдастықтарды біріктіретін маңызды мерекелер. Бұл күндері дастарқан жайылып, бір-біріне сыйлықтар беріледі.