weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 11:18 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дональд Трамп портреті АҚШ паспорттарының арнайы сериясында пайда болады

АҚШ-та Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына орай президент Дональд Трамптың бейнесі салынған арнайы паспорттар шығарылады. Жаңа құжаттар шектеулі мөлшерде таратылады және барлық стандартты қорғаныс жүйесін сақтайды. Бұл туралы newsroom.kz reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дональд Трамп портреті АҚШ паспорттарының арнайы сериясында пайда болады
Фото: ашық дереккөз

АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған америкалық паспорттардың шектеулі сериясын шығаратынын мәлімдеді. Жаңа дизайнның басты ерекшелігі – құжаттың ішкі бетіне президент Дональд Трамптың портретінің орналастырылуы.

Ұсынылған макетке сәйкес, мемлекет басшысының бейнесі Тәуелсіздік декларациясының мәтіні және АҚШ туының жанында орналасады. Портреттің төменгі бөлігіне президенттің алтын түспен жазылған қолтаңбасы қойылады. Ал келесі бетте суретші Джон Трамбуллдың «Тәуелсіздік декларациясы» атты әйгілі картинасының бөлігі бейнеленеді.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бұл арнайы паспорттар Вашингтондағы паспорт агенттігінде жеке өтініш берген азаматтарға әдепкі нұсқа ретінде беріледі. Онлайн өтінім жасағандар немесе басқа бөлімшелерге жүгінгендер бұрынғы стандартты үлгідегі паспорт алады.

Жаңа дизайн үшін қосымша ақы алынбайды, алайда мұндай паспорттардың саны шектеулі болады. Нақты қанша дана шығарылатыны әзірге жарияланған жоқ. Бұл бастама АҚШ-тың 250 жылдығына арналған ауқымды America250 бағдарламасының бір бөлігі саналады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→