Әлем

АҚШ мұнай экспортынан рекорд орнатты

АҚШ мұнай экспортынан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының іркілістері аясында Азия мен Еуропа елдері америкалық мұнайға сұранысты арттырған,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мұнай жеткізілімі тәулігіне 137 мың баррельге өсіп, алғаш рет шамамен 13 миллион баррельге жетті. Сондай-ақ АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы деректеріне сәйкес, елдегі мұнай қоры 466 миллион баррельге дейін ұлғайған.

Сонымен қатар, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер төңірегіндегі белгісіздікке байланысты әлемдік мұнай бағасы өсіп келеді. Brent мұнайы фьючерстері барреліне 103 долларға дейін қымбаттаса, WTI мұнайы 94 долларға жеткен.