Әлем

Қытайда алып химия зауыты өртенді

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында орналасқан химия зауытында болған өрт салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам жеңіл жарақат алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Өрт Юймэнь қаласындағы химия өнеркәсібі паркіндегі жергілікті компанияға тиесілі, үш қабатты темір-бетон цехта шыққан.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.