Жаңалықтар

Ирандағы мұнай аймағына соққы: 5 адам қаза болып, 170 адам жаралы

АҚШ пен Израильдің Ирандағы Махшахр мұнай-химия арнайы экономикалық аймағына жасаған соққысы салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы 170 адам жарақат алды. Бұл туралы Fars агенттігі мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

«Жау тарапынан Махшахр мұнай-химия арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар кәсіпорындарға жасалған соққы нәтижесінде бес адам қаза тапты», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шабуылдан кейін 170 адам зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, жергілікті ауруханалардан шығарылған.

Иранға жасалған соққылар Иран, АҚШ және Израиль арасындағы қақтығыстың ушығуы аясында орын алуда. 2026 жылғы 28 ақпанға қараған түні АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасаған, соның салдарынан шамамен 15 мың адам зардап шеккен.

Айта кетелік, Иран Израиль нысандарына және өңірдегі 14 америкалық әскери базаға шабуыл жасаған.