Ауғанстанда әйелдерге жаңа шектеу: киім талаптары қатаңдатылды
Ауғанстан билігі Герат провинциясында әйелдерге қойылатын киім талаптарын күшейтті. Жаңа ережелерге сәйкес, «хиджаб кең әрі көзге түсе бермейтін болуы тиіс»,— деп хабарлайды newsroom.kz
«Негізгі талап — денеге жабыспайтын, кең және өзгелердің назарын аудармайтын киім», — деп хабарлады «Салам Ватандар» радиосы (RT-ге сілтеме жасап).
Сондай-ақ, «денеге жабысып тұратын (тар) киім кию шариғаттағы хиджаб қағидаларына қайшы келетіні» атап өтілген.
Бұған дейін Герат провинциясында бурка кимеген әйелдерге ауруханалар мен басқа да мемлекеттік мекемелерге кіруге тыйым салынған еді.