Әлем

Индонезияда қолтырауын 13 жастағы баланы достарының көз алдында талап өлтірді

Индонезияда қолтырауын 13 жастағы баланы достарының көз алдында талап өлтірді. Қайғылы оқиға Кутай Картанегара округінде болған,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жергілікті қызметтердің дерегіне сүйенсек, жасөспірім футбол ойнап жүріп, суға түсіп кеткен допты алу үшін Махакам өзеніне кірген. Ол жағадан шамамен 12 метр алыстаған кезде жыртқыш шабуыл жасаған. Бала көмекке шақырып үлгергенімен, бірнеше секундтан кейін қолтырауын оны су астына сүйреп әкеткен. Достары шошып, ауылға жүгіріп барып, болған жағдайды хабарлаған.

Осыдан кейін құтқарушылар, полиция және еріктілер қатысқан іздестіру операциясы басталды. Іздеу жұмыстары өзендегі қатты ағыс пен рептилиялардың көптігіне байланысты қиындаған.

Жасөспірімнің денесі тек кешке қарай табылды. Ол өзен ағысымен төмен қарай ағып бара жатқан. Құтқарушылардың айтуынша, оның денесінде көптеген жарақаттар болған.